Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыр өңірінде су қоймаларын салу және суармалы суды тиімді пайдалану бойынша бірқатар жоба жүзеге асырылады. Бұл туралы kyzylorda-news.kz сайтында хабарланды.
Атап айтқанда, ирригациялық және дренаждық желілерді жетілдіру арқылы суармалы суды 30 процентке дейін үнемдеу көзделіп отыр. Сондай-ақ жерасты су көздерін пайдалану, тамшылатып, жаңбырлатып суару әдістерін қолдану есебінен суармалы жерлерді 95 мың гектарға көбейтіп, 300 мыңға жеткізбек. Нәтижесінде аграрлық сектордағы өндіріс көлемін 79 млрд теңгеге ұлғайып, 3 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар суарылмайтын шөл-егінді жерлерде майлы және азықтық дақылдар егісін кеңейту жоспарлануда. Ол үшін ғалымдардың инновациялық жобалары пайдаланылады.
«Орташа есеппен 240 мың гектардан астам суармалы жер бар деп есептеледі облыста. Біз орташа пайдаланып жүрген 185 мың гектардың шамасында болса еңбек өнімділігін ұлғайтуға байланысты, біздегі облыста өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерін ұлғайту, оны экспортқа ұлғайту бағытында бізге ең бірінші суармалы жерлерді ұлғайту қажет», - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сейілбек Нұрымбетов.