Қызылордада коронавирус Ресейден келген студенттен анықталды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 318-ғе жетті. Ал сауығып шыққандар саны – 231. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінінде&nbsp;облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.</h4>

 27 Мамыр 2020 2020, 13:24
27 Мамыр 2020 2020, 13:24
1113

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 318-ғе жетті. Ал сауығып шыққандар саны – 231. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының жаңадан 17 жағдайы тіркелді. Оның 14-і індет жұқтырғандармен байланыста болса,1 жағдай 24 мамырда Ресей Федерациясынан келген студенттен анықталған. Ал қалған 2 жағдай Д есепте тұратын науқастарды скринингтеуден белгілі болды,-деді бас дәрігер.

Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған - 4133 азамат анықталды. Оның ішінде, 2303-і тікелей қарым-қатынаста, 1830-ы ықтимал байланыста болған.

Бұдан бөлек, инфекциялық стационарда 66 адам ем алуда, карантиндік госпитальда-22, провизорлық стационарда-26, карантиндік стационарда-232 азамат бақылауда.
Наверх