Қызылордада индустрияландыру аясында 23 жоба жүзеге асырылуда

30 Мамыр 2020, 16:09
2786
Бөлісу:
Қызылордада индустрияландыру аясында 23 жоба жүзеге асырылуда
Фото: ашық дереккөз

Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысында Индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығында 6,4 мың адамды жұмыспен қамтитын 23 жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринаи Сұлтангереев мәлімдеді. Оның хабарлауынша, Индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында 2018 жылы құрылыс индустриясы саласында 2 өндіріс іске қосылды.

Біріншісі - Жаңақорған ауданында қуаты жылына 75 000 тонна әк өндіретін зауыт. Бүгіні күні зауыт 17800 тонна өнім өндіріп, өнімін облыс аумағында және Оңтүстік Қазақстан облысына өткізуде. Ал екіншісіне келсек, Мемлекет басшысының қатысуымен Жалпыұлттық Телекөпір аясында облыста цемент шығаратын алғашқы кәсіпорын іске қосылған болатын. Жоба "Гежyба Шиелi Гpyпп Цеменнт" Қытай тpансұлттық компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылды, - дейді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, тампоннажды цемент заyыты 2019 жылы 380 0000 тоннадан астам 6 түрлі цемент шығарып, республиканың 5 аймағына - Түpкiстан, Жамбыл, Ақтoбе, Алматы, облыстарына және Шымкент қаласына жөнелтті. Сонымен бірге Өзбекстанға 40,6 мың тонна өнімін экспорттаған.
Осы жыл басынан бері 47300 тонна өнiм шығарылып, оның 31000 тоннасы Өзбекстан Респyбликасына экспортталды. Зауытта жалпы 247 адам жұмыспен қамтылған. Заyытта цементтiң 6 түpi шығаpылса, соның бiрi – күнделiктi құpылыс жұмыстаpына қолданатын поpтланд цемент, - деді Ринат Қалдыбекұлы.
Қызылорда облысына өзге өңірлерден келетін өнімдермен салыстырғанда жергiлiктi жердегі шығатын цементтің сапасының жоғарылығы өз алдына, бағасы да тұтынушылардың көңілінен шығып отыр. 

Бүгінде Қазақстанда 11 цемент өндіретін кәсіпорын бар. Ал тампонажды өнімді тек осы Шиелідегі зауыт шығарады. Күрделi құрылыстарда пайдаланылатындықтан әлем нарығында мұндай цементке сұраныс жоғары.
Тампонажды цемент көбінесе, yран өндiрісі және мұнай-газ саласына аса қажет. Облыстағы компаниялар күніне кешеге дейін осы өнімді сырттан тасымалдаған еді. Қазір өзімізде өндіріліп жатыр, - деді басқарма басшысы.

Ринат Сұлтангереев Индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығында құны 551,2 миллиард теңгені құрайтын, іске қосылғанда 6,4 мың адамды жұмыспен қамтитын 23 жоба жүзеге асырылып жатқанын айтты.
23 жобаның биылғы жылы жалпы құны 44,2 миллиард теңгені құрайтын, толық қуаттылыққа шыққанда 373 адамды жұмыспен қамтитын 3 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Олар - қуаттылығы жылына 1500 тонна құс фабрикасы, балықты тереңінен қайта өңдеу және табақша шыны өндірістері, - дейді ол.
Сонымен қатар, шыны зауытының құрылысы қытайлық серіктес компаниямен бірлесіп жалғасуда. Бүгінгі құрылыс жұмыстарымен қатар қондырғыларды монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұлан бөлек, облыстың ірі жобалары "Шалқия" қорғасын-мырыш кен орнында (235 млн. теңге) тау-кен байыту комбинатын және кальцийленген сода зауытын (93,5 млрд. теңге) салу жөніндегі жобалар іске асырылмақ.
Ал "Баласауысқандық" ванадий кен орнынан экспортқа өнім шығару жалғасын табуда. 4 айында шамамен 120 тонна аммоний метаванадат өнімі Ұлыбритания мен Ресейге экспортталды, - деп атап өтті басқарма басшысы.

Басқарма басшысы айтқан қуаттылығы жылына 1500 тонна құс етін өндіретін фабриканың құрылысы Қармақшы ауданында жүргізілуде. Индустрияландыру бағдарламасы аясында жобаны жүзеге асырып жатқан "Ақтөбе и К" серіктестігінің директоры Нұрлан Іздібаевтың айтуынша, фабрика биыл іске қосылады.
Құс фабрикасы жұмысын бастаса, бірқатар жобаларды қолға аламыз. Әуелі жем зауытын салып, іске қосамыз. Себебі, құстарға күніне кемі 20 тонна азық кетеді.Құстарға азық болар дақылдарды егіп, егістік алқапты әртараптандырамыз. Айта кетейін, жаңа фабрикада бройлер балапандары өсіріліп, еті өндіріледі. Жалпы бұл жобалар арқылы біршама жұмыс орны құрылады, – деді Нұрлан Іздiбаев.


Өзгелердің жаңалығы