Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында есірткі өсіріп, оны сатқан тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысында 10 маусым күні "Қарасора-2020" арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлерімен Қазалы ауданының 56 жастағы тұрғыны есірткі затын сатқаны үшін ұсталды, - делінген хабарламада.
Тінту іс-шараларын өткізу барысында күдіктінің тұрғылықты мекенжайы бойынша құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп өсіргені анықталды.