Қызылорда қысқа дайын

5 Қазан 2020, 23:33
1844
Бөлісу:
Қызылорда қысқа дайын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымын тұрақты түрде өткізуге коммуналдық кәсіпорындар ағымдағы және күрделі жөндеу, қайта жаңғырту жұмыстарын бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізуде.

Тұтынушыларды электр және жылу энергиясымен, газ және сумен қамтамасыз ететін коммуналдық кәсіпорындардың жөндеу жұмыстары 97%-ға орындалды.

Орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған көп қабатты тұрғын үйлердің дайындығы 97%-ды құрайды.

Облыс бойынша 1185 әлеуметтік сала нысандарының жөндеу жұмыстары 100 % орындалды.

Сонымен қатар, облыс бойынша «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 19 әлеуметтік нысанның жылу қазандықтарын газ отынына бейімделді.

Жалпы қысқа дайындық мәселелері облыстық штабтың тұрақты бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы