Қызылорда: Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан келген азаматтар толық тексеруден өткізіледі

20 Наурыз 2020, 18:08
1591
Бөлісу:
Қызылорда: Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан келген азаматтар  толық тексеруден өткізіледі
PHOTO

Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Сыр өңірінде 4 медициналық бақылау бекеті қызметін бастады.

Елде төтенше жағдай жариялануына байланысты  Қызылорда облысында бүгіннен бастап Ақтөбе, Түркістан, Жезғазған бағыттары бойынша 4 медициналық бақылау бекеті жұмыс істеп жатыр. Тиісті сала қызметкерлері өңірге келіп-кететін көліктерді тоқтатуда. Жүргізушілердің, жолаушылардың денсаулығын тексеруде. Сақтық үшін олар туралы мәлімет жинақталады.

BEK_6840.JPG

Бұл бекеттерде облыстық денсаулық сақтау басқармасы, полиция департаменті, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мамандары күшейтілген режімде қызмет атқарады.

BEK_6684.JPG

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов 4 бекеттің бірінде – "Қызылорда - Павлодар" жолына қойылған медициналық-бақылау бекетінде болып, жұмысымен танысты. Аймақ басшысына Қызылорда қаласының әкімі мен полиция департаментінің бастығы бекеттердің жұмысын, төтенше жағдайға байланысты басқа да атқарылған істерді баяндады.

 BEK_6920.JPG

Өңір басшысы Қуанышбек Досмайылұлы Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалаларынан келген азаматтарды осы бекет арқылы толық тексерістен өткізіп, жеке мәліметтерін арнайы анкетаға жазып алуды тапсырды.

BEK_6893.JPG

Мемлекет басшысының барлық тапсырмасы дер кезінде, мүлтіксіз орындалуы қажет. Сонымен бірге, азық-түлік сататын сауда орындарынының тазалығы талапқа сәйкес болуы керек. Залалсыздандыру құралдарына, бетперделерге баса мән беріңіздер. Тамақтанатын орындар кешкі сағат 10:00-ге дейін, ал мейрамханалар жұмысын мүлдем тоқтатуы тиіс, – дейді Қуанышбек Ысқақов.

Өзгелердің жаңалығы