Юпитерден әлдеқайда үлкен ғаламшар табылды

2 Мамыр 2020, 06:57
3225
Бөлісу:
Юпитерден әлдеқайда үлкен ғаламшар табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гавайи университетінің Астрономия институты басқарған астрономдар тобы салмағы Юпитердің салмағынан үш есе үлкен Kepler-88 d алып ғаламшарын тапты. Ол Жерден 1243 жарық жыл қашықтықтағы Kepler-88 жүйесінде орналасқан. Бұл туралы The Astronomical Journal ғылыми журналында жарияланған.

Ғалымдар жоғары ажыратымдылықтағы HIRES спектрометрі орнатылған Кек I телескопы (Гавайи) арқылы алты жыл бойы алынған мәліметтерді талдады. Олар Kepler-88 жұлдызының эллиптикалық орбитасы мен төрт жылдық айналымы бар төртінші ғаламшары бар екендігіне көз жеткізді.

Kepler-88 b және Kepler-88 c екі ғаламшары жұлдызға әлдеқайда жақынырақ. Kepler-88 b мининептуны 11 күнде айналым жасайды, бұл Юпитердің өлшемімен бірдей Kepler-88-дің 22 күндік айналымын құрайды.

Бұдан бұрын, осы жылдың сәуірінде, Аризона университетінің астрономдары 2004-2006 жылдары Фомальгаут жұлдызында бақылаған Дагон немесе Фомальгаут b алып экзоғаламшары негізінде ешқашан болмағандығын хабарлаған еді.

Алайда, ғаламшарға ұқсайтын бұл нысан астероид өлшеміндей екі аспан денесінің соқтығысуы екен.

Өзгелердің жаңалығы