Юлия Путинцева Рим мастерс турнирінде жеңіліп қалды

11 Мамыр 2023, 23:18
582
Бөлісу:
Юлия Путинцева Рим мастерс турнирінде жеңіліп қалды
Фото: inform.kz

Қазақстанның екінші, әлемнің 51-ракеткасы Юлия Путинцева Рим мастерс турнирінің үшінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 5-ракеткасы, америкалық Кори Гауфпен кездесті.

Ойын америкалық спортшының айқын басымдылығымен өтіп, 6:0, 6:1 есебімен аяқталды.

Бір сағатқа созылған матчта К.Гауфф 6 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.

Кори Гауфф үшінші айналымда әлемнің 38-ракеткасы, чехиялық Мария Боузковамен шеберлік байқасады. Ол рейтингте 62-сатыдағы америкалық Кэти Макналлиді 6:4, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Өзгелердің жаңалығы