Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыроежкиннің ісі бойынша сот үкімі шықты. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
"2019 жылғы 7 қазанда Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша соты 1956 жылы туған Сыроежкин Константин Львович ҚР ҚК 175-бабы 1-бөлімі ("Мемлекетке опасыздық жасау") бойынша кінәлі деп танып, 10 жылға соттады", - делінген хабарламада.Естеріңізге сала кетейік, арнайы қызмет өкілдері қытайтанушы Константин Сыроежкинді қамауға алған болатын.