Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу мен өндірісті құруды жоспарлап отыр. Жоба құны 77,2 млрд теңгеге бағаланады, деп жазады 7kun.kz.
Шығыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, кәсіпорын Семейде салынады. Өндіріс 2020 жылы іске қосылады деп күтіледі.
"Жобаның құны - 77,2 млрд теңге. Қазіргі уақытта Long Xin қытайлық компаниясы оған 8 млн доллар (3,1 млрд теңге) инвестиция салды", - деді мемлекеттік құрылымда.Кәсіпорында 20 мың тонна соя және 20 мың тонна күнбағыс өңделеді. Сонымен қатар өсімдік майы мен өсімдік шротын өндіреді. Дайын өнімді Қытай мен Ресейге экспорттауды жоспарлап отыр. Жұмыспен 150 адам қамтамасыз етіледі.
Оқи отырыңыз: