Алматы, BAQ.KZ. Өткен аптада Қазақстанға келген ҚХР медицина мамандары Алматыдағы әріптестерімен кездесіп, коронавируспен күрестегі тәжірибелірімен бөлісті. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
Делегация құрамында ҚХР-дан келген 10 пульмонология, эпидемиология саласындағы жетекші мамандар, қоғамдық денсаулық сақтау сарапшылары бар. Дәрігерлер Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларындағы әріптестерімен өткен кездесудегідей, Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерімен, С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ профессор-оқытушылар құрамымен онлайн форматта кеңес өткізді.Еліміз бойынша ең көп коронавирус инфекциясын жұқтырғандар Алматыда анықталған - 535 адам. Мегаполисте инфекция анықталған алғашқы жағдайдан бастап 85 адам сауығып шыққан.
ҚХР дәрігерлері Алматы дәрігерлерінің COVID-19-ға қарсы күресте қабылдап жатқан шараларын жоғары бағалады және диагностика, емдеу және ұйымдастыру тұрғысынан жұмыстың қай тұсын күшейту қажет екені туралы ұсыныстарын айтты.
Оқи отырыңыз: