Негізгі ұсыныс бізден болды: Қытайдан қарыз алу туралы Қаржы министрлігі

8 Сәуір 2019, 11:23
8477
Бөлісу:
Негізгі ұсыныс бізден болды: Қытайдан қарыз алу туралы Қаржы министрлігі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сенат кулуарында Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер жөніндегі комитетінінің басқарма басшысы Қайрат Маубаев айтты. 

Журналистер Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаевтан Қытай Үкіметінен алынатын жеңілдетілген несие туралы толығырақ айтуды және Қазақстанның Қытайдан басқа қандай қарызы барын сұрады. 

«Үкіметімізде Қытаймен байланысты тікелей несие жоқ. Бізде мемлекеттік кепілдендірілген қарыз аясында кепілдік берілген несиеміз бар. Бүгінде бұл  200 млдр долларды құрап отыр. Осы несиелер автожол саласына  бағытталған.  Ал, осы алынатын несиеге 9 бекетке жөндеу жұмысы жүргізіледі. 8 автокөлік және 1 теміржол бекеті не бағытталған. Біз бұл ақшаға жабдық аламыз. Жабдық 20 жыл бойы жақсы қызмет көрсетеді. Олардың жұмысының тоқтап қалмауын толықтай Қытай тарапы қамтамасыз етеді», - деді вице-министр.

Нақты қандай жабдық алынатыны туралы ҰЭМ Мемлекеттік кірістер жөніндегі комитеттің басқарма басшысы айтты.

«Көліктер мен контейнерлерді сканерлеуге, жоғары габаритті көліктерді, сонымен қатар көліктерді дезинфекциялау және дезактивациялауға, көліктердің кіріп-шығуын есепке алу құралдар алынбақ. Бекеттерге мұндай құралдарды қою Еуразиялық экономикалық одақ шешімімен бекітілген», - деді Қайрат Маубаев. 

Министрлік өкілінің айтуынша, жаңарған техника кептелісті азайтып, уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

«Тиімділігі – заманауи, соңғы үлгідегі техникалар. Басқа шетелдердің өткізу пунктерінде болдық. Көп жерде орнатылмаған. Сонымен қатар, уақыт тиімділігі. Біз уақытты 1,5-2 есеге қысқартамыз. Және бекет алдындағы кептелісті болдырмаймыз», - деді ол.

Бұдан бөлек Қайрат Маубаев нақты қай аймақтағы бекеттерге жөндеу жүргізілетінін атап өтті.

«4 автомобиль бекеті Қытай шекарасында және 4 автомобиль бекеті Өзбекстанмен шекарада, сонымен қатар 1 автомобиль бекеті Түрікменстанмен шекарада, Қытаймен шекарасындағы «Достық» кеден бекетінде теміржол бекеті бар», - деді ол.

Ол Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекарадағы жағдай туралы да тоқталды.

«Өзбекстанмен шекарада кептеліс болып жатыр. 5 автомобиль бекетінде кептеліс болып тұр. Күніге 400  көлік бекетте жиналып тұр. Кеден бекетінде көліктің өту уақыты да шектелген. Мысалға, «Бауыржан Қонысбаев» кеден бекетінде күнсайын 75 көлікті өткізу мүмкіндігіміз болса, біз кешегі ақпарат бойынша 170 машина шығарып, бекеттегі кептелісті болдырмау үшін қосымша адам жұмылдырып жатырмыз. Енді ол уақытша шешімдір. Соны жүйелі түрде шешу үшін осы шараларды қолға алып отырмыз», - деді ол.

Қайрат Маубаев Қытайдан жеңілдетілген несие алу туралы ұсыныс қай тараптан болғанын айтты.

«Негізгі ұсыныс бізден болды. Егер жеңілдетілген жағдайда берілетін кредит болатын болса, біз бас тартпайтынымызды және алу туралы қарастыратынымызды біздің тарапымыздан ұсыныс болды. Содан кейін Қытай тарапанынан қолдау тапты», - деді Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы.

Бүгін Сенаттағы Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының үкіметі мен Қытай Халық Республикасының үкіметі арасындағы Қытайдан жеңілдетілген несие алу жөніндегі шекті келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралды. Қазақстан Қытай үкіметіне 116 млрд теңгені 20 жылда 154 млрд теңге қылып қайтарады.

Өзгелердің жаңалығы