Қытайда үш мыңнан астам адам коронавирустан айықты

10 Ақпан 2020, 22:33
1555
Бөлісу:
Қытайда үш мыңнан астам адам коронавирустан айықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 908-ге жетті, деп хабарлайды "РИА Новости" Қытай Халық Республикасының денсаулықсақтау комитетіне сілтеме жасап.

Вирус жұқтырғандар саны 35 мыңнан астам адам болса, науқасынан айыққандар саны 3 281 адам.

9 ақпандағы мәліметі бойынша, 31 провинцияда 35 982 вирус жұқтырған адам бар. Оның 6 484-і ауыр хәлде. 3 281 адам науқасынан айықса, 908-і қаза тапты, – делінген Қытай денсаулық сақтау комитетінің ақпаратында.
Ал 10 ақпандағы жағдай бойынша Қытайда коронавирустан қаза тапқандар саны 908-ге жетіп, қауіпті дертке шалдыққандардың саны 38 мыңға жуықтаған.
Өзгелердің жаңалығы