Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда жаңа коронавирустан қайтыс болғандар саны 2 мың адамнан асты, деп хабарлайды ҚХР Гигиена және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитет.
Өткен тәулікте (18 ақпан сағат 24:00-дегі жағдай бойынша) Қытайда 1749 адам коронавирус жұқтыру жағдайы анықталды (Хубэй провинциясында – 1693), 136 адам қайтыс болды. 1824 адам емделіп шықты (Хубэйде 1266 адам).
Соңғы деректер бойынша, ҚХР-да коронавирус жұқтырғандар саны 74185 адамды құрап отыр, қайтыс болғандар саны – 2004, емделіп шыққандар – 14376 адам. Қазіргі уақытта науқастармен тығыз байланыста болған 135 мың адам медициналық бақылауға алынған.
Ресми статистикаға сәйкес, індеттің ошағына айналған Хубэй провинциясынан тыс Қытайда коронавирус диагнозы қойылған науқастар саны он бесінші күн қатарынан төмендеп келеді.