Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда коронавирус құрбандарының саны 811-ге жетті, 37,1 мың адам ауру жұқтырған, 2649 адам емделіп, ауруханадан шығарылған, деп хабарлайды РИА Новости ҚХР денсаулық сақтау мәселесі мемлекеттік комитетіне сілтеме жасап.
Сенбіде күндізгі уақытта 722 адамның қайтыс болғаны және 34,5 мың адамның осы ауруға шалдыққаны айтылған еді.
8 ақпанда түн жарымдағы жағдай бойынша, денсаулық сақтау мәселесі мемлекеттік комитеті 31 провинциядан (аудан, қала) коронавирустың жаңа түрінен туындаған пневмонияны жұқтырудың 37 198 оқиғасы туралы ақпарат алды, оның ішінде қазіргі уақытта 33 738 адам ауырып жатыр (6188 адам ауыр жағдайда), 2649 адам ауруханадан шығарылып, 811 адам қайтыс болды, - делінген мемлекеттік комитеттің хабарламасында.