Қытайда қауіпті вирустан өлгендер саны артты

21 Қаңтар 2020, 19:43
1584
Бөлісу:
Қытайда қауіпті вирустан өлгендер саны артты

Алматы, BAQ.KZ.  Қытайдың Ухань қаласында тараған коронавирустан алтыншы адам көз жұмды, тағы 227 адам ауруханада дәрігерлердің қатаң бақылауында.


Бұл туралы қаланың мэрі Чжоу Сяньван бүгін жергілікті теледидардан хабарлады.
Бүгінгі күнге дейін Ухань қаласында қауіпті вирусты жұқтырғандар саны 258 жетті, олардың 25-сі ауруханадан шығарылды, алты адам көз жұмды, - деді ол Қытайдың орталық телеарнасының эфирінде. 

Сонымен қатар, ол қазіргі таңда 224 адам ауруханада дәрігерлердің қатаң бақылауында екенін, 51 науқас ауыр халде жатса, тағы 12-нің жағдайы тұрақсыз болып тұрғанын жеткізді.
Өзгелердің жаңалығы