Ыстық жаздан кейін егін қандай болады

21 Тамыз 2023, 20:29
758
Бөлісу:
Ыстық жаздан кейін егін қандай болады
Фото: Қарағанды облысы әкімдігінен

Қарағанды облысында 994 мың гектар алқапта астық жинау жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аптап ыстық жаздан кейін қандай өнім күтілетіні жайлы облыс әкімдігінде хабарлады.

Бүгінгі таңда дәнді дақылдардың негізгі жағдайы жақсы. Өсімдіктердің қурап қалуына байланысты 6,3 мың га есептен шығарылды. Жалпы дәнді дақылдарды жинау алаңы 994 мың га құрайды, оның ішінде бидай – 813,4 мың га. Алдын ала деректер бойынша орташа өнімділік 9,5 ц/га болғанда астықтың жалпы түсімі 940,4 мың тонна көлемінде болады деп күтілуде, – деді Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының м. а. Сырым Бошпанов аппараттық кеңес барысында.

Бүгін Абай, Бұқар Жырау және Шет аудандарының жекелеген шаруашылықтары егін жинау жұмыстарына кірісті. Қыркүйек айында жаппай жинау басталады.

Егістіктерге 2095 астық жинайтын комбайн тартылады. Техника дайын. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арзандатылған дизель отыны бөлінеді. Өңірдің шаруашылықтарында 546 астық қоймасы бар. Астық қабылдағыштар да дайындалды.

Майлы дақылдар 29,6 мың гектар алқапта, картоп 11,6 мың гектарға, көкөністер 1321 гектарға жиналады. Картоптың жалпы жиналуы 300,2 мың тонна көлемінде күтіледі.

Сырым Бошпанов жемшөп жинау туралы да хабардар етті. Оның айтуынша, қажетті көлем қамтамасыз етіледі. Шабындықтар үшін фермерлерге мемлекеттік және орман қорының жерлері бөлінеді.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жемшөпті уақтылы дайындау және егін жинау науқанын жүргізу жөнінде тапсырма берді. Дизель отынымен қамтамасыз етуді бақылау қажет.

Өзгелердің жаңалығы