Ыстық бұлақтар: Термалды судың пайдасы мен зияны

20 Қаңтар 2024, 09:30
1278
Бөлісу:
Ыстық бұлақтар: Термалды судың пайдасы мен зияны
Фото: pixabay.com

Қыс мезгілінде көптеген адам демалып, денсаулықтарын жақсарту үшін ыстық бұлақтарға барғанды жөн көреді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Термалды судың қан айналымын жақсартып, денені минералды заттармен байытып, бой жаздыратын бірқатар пайдалы қасиеті бар.

Дегенмен, ыстық бұлақтарға шамадан тыс шомылу денсаулыққа, әсіресе жүрек-қан тамырлары аурулары бар немесе температураға сезімтал адамдарға зиян екенін есте ұстаған жөн. Мұндай демалыстан максималды пайда алу үшін термалды бұлақтарға барған кезде төмендегі кеңестерге құлақ түруге кеңес береді.

Ыстық бұлақтар: пайдасы мен зияны

Қыста термалды судың артықшылықтары:

Релаксация және стресті азайту. Ыстық бұлақтарға шомылу демалып, шаршау мен күйзелістен арылуға көмектеседі. Бұл әсіресе қыс мезгілінде ауа райына байланысты психикалық және эмоционалдық стресс жоғары болған кезде өте маңызды.

Қан айналымы жақсарады. Термалды су қан тамырларын кеңейтуге көмектеседі, қан айналымын жақсартады және теріні оттегімен байытады.

Иммундық жүйені нығайтады. Ыстық бұлақтарға үнемі бару иммундық жүйені нығайтуға және ағзаның инфекцияларға төзімділігін арттыруға көмектеседі.

Айтпақшы, термалды бұлақтар қыста ғана пайдалы десеңіз қателесіз. Бұл жерге жылдың барлық мезгілінде барып, демалуға болады.

Өйткені олардың емдік қасиеттері және химиялық құрамы өте бай. Оның құрамында күкірт, кремний, кальций, магний, натрий, калий және т.б. бар.

Ыстық бұлаққа барғаннан кейін:

Қартаю процесі баяулайды.
Терінің қабынуы басылады.
Денсаулығыңыз жақсара түседі.
Дене токсиндер мен тұздардан тазартылады.
Тері тегіс және балғын болады.
Жүйке жүйесі қалпына келеді.
Сүйектер қатайып, буындардың қызметі жақсарады.

Ыстық бұлақтардың денсаулыққа пайдасы көп. Сонымен қатар процедуралар барлық жастағы адамдарға жарамды. Дегенмен бұлақтарға барарда дәрігерден кеңес алғаныңыз абзал.

Қыста ыстық бұлақтардың зияны:

Қызып кету. Тым ыстық суға түскен кезде дене қызып кетуі мүмкін, бұл әсіресе қыстың суық температурасында қауіпті.

Қан тамырлары ауруларының өршуі. Ұзақ уақыт ыстық суда жүру жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдар үшін зиян болуы мүмкін.

Тері ылғалданады. Қыста ауаның төмен ылғалдылығына байланысты тері құрғақ болады, сондықтан термалды суға ұзақ түссеңіз, тері одан сайын құрғап кетуі мүмкін.

Кей жағдайда ыстық суға түсу керісінше сіздің денсаулығыңызды нашарлатып жіберуі мүмкін. Мысалы, егер сізде қатерлі ісік немесе жұқпалы аурулар, суық тию, жүктілік, қабыну немесе жүрек ауруы болса, термалды суларға баруға тыйым салынады.

Егер алдағы уақытта ыстық бұлақтарға бару ойыңызда болса, мына кеңестерге құлақ түріңіз:

Суға түсер кезде алдында судың температурасын тексеріп алыңыз, кейде ол 200 градусқа жетуі мүмкін.
Суға бірден кіріп кетпей, жайлап түсіңіз, басыңызды батырмаңыз.
Су жүрек тұсынан келсін, асып кетіп, не болмаса тұтас сүңгіп кетуге болмайды.
Суда 20 минуттан артық болмаңыз, егер өзіңізді нашар сезінсеңіз, судан шығыңыз.
Суға түсуден екі сағат бұрын тамақ ішкен жөн.
Суға түскеннен кейін, демалып жата тұрған жөн.
Суға түсерден бұрын, не кейін алкогольді сусын ішуге тыйым салынады.

Өзгелердің жаңалығы