Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азық-түлік технологиясы бойынша сарапшы, аспаз Евгений Данко ыстықта қолдануға кеңес берілмейтін денсаулыққа қауіпті үш өнімді атады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Маман балық, паштет және тауық (жамбас, қанаттар, гриль) сатып аларда мұқият болуға кеңес берді.
Тауық ішінен бұзыла бастайды. Егер сіз паштетті қатты ұнататын болсаңыз, оны өзіңіз де дайындап алуыңызға болады. Ол үшін бауыр (тауық еті немесе сиыр еті) сатып алыңыз, пияз, сәбіз, май қосыңыз, - деді Данко.
Ол балықты таңдағанда иіскеп көруден басқа да нәрселерге назар аудару керек екенін атап өтті. Көп тұрып қалған балықтардың ащы дәмі болады. Оның желбезегі қызғылт түсті болуы керек. Дегенмен сатушылар балықтың көп тұрып қалғандығын білдіртпеу үшін оны қызғылт түске бояп та қоюы мүмкін екенін айтты.