Ыстамбұл мэрі ұсталды

Бүгiн, 12:41
209
Бөлісу:
Ыстамбұл мэрі ұсталды

Түркия билігі Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглуды ұстауға ордер берді. Қалада ауқымды полиция операциясы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Sabah басылымына сілтеме жасап.

Шұғыл жаңалық. Ыстамбұл қалалық әкімдігінде кең көлемді сыбайлас жемқорлыққа қарсы операция басталды. Оның аясында мэр Экрем Имамоглу мен оның баспасөз қызметінің кеңесшісі Мурат Онгунды ұстауға ордер берілді, – деп жазды басылым.

БАҚ мәліметінше, бұған дейін Түркияның Бас прокуратурасы Имамоглудың "бизнес басқару" мамандығы бойынша алған дипломының заңдылығы мен түпнұсқалығын тексеру үшін Ыстамбұл университетіне сұраныс жіберген.

Күдік Имамоглудың Солтүстік Кипрдегі университеттен Ыстамбұлға ауысуында заңбұзушылықтар болуы мүмкін дегеннен туындаған. Себебі сол кезде Кипрдегі жоғары оқу орны Түркия тарапынан ресми түрде танылмаған.

17 наурыз күні Ыстамбұл университеті Имамоглудың дипломын жарамсыз деп тану туралы шешім қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы