Қырықбаев праймериздің нәтижелері туралы айтып берді

6 Қазан 2020, 14:43
1422
Бөлісу:
Қырықбаев праймериздің нәтижелері туралы айтып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Nur Otan партиясының хатшысы Арман Қырықбаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Nur Otan партиясының ішкі партиялық іріктеу қорытындысы туралы брифингте сайлаудың қорытындыларын айтты.

Nur Otan партиясының праймеризінде дауыс берудің қорытындылары жарияланды. 4 күн ішінде партия мүшелерінің 662 687-сі немесе 84,2 пайызы дауыс беруге қатысты. 581 мың 104 партиялық онлайн форматта таңдауын жасады. Интернетке қосылуы толық шешілмеген шалғай аудандарда тұратын 81 мың 5583 адам қағаз бюллетеньдері арқылы дауыс берді, - деді ол.

Қырықбаев атап өткендей, праймериз жаңа форматта республикалық ауқымда тұңғыш рет өткізіліп отыр. 

Праймеризге барлығы 10 990 кандидат қатысты. Оның 7143-і - өзін-өзі ұсынушылар. 36 пайыздан астамы – әйелдер, 29 пайызы – 35 жасқа дейінгі жастар. Үміткерлердің орташа жасы – 43. 31 пайызы – білім және ғылым саласының өкілі, 14 пайызы – шағын дәне орта бизнес өкілі, 7,8 пайызы – мәдениет және спорт саласы, 7,1 пайызы – қызмет көрсету саласы және 6,2 пайызы – ауыл шаруашылығы, 4,6 пайызы – өнеркәсіп және экономиканың өзге салаларының өкілі, - деді ол. 

Партия хатшысы атап өткендей, бәсеке барысындағы күресті барша жұрт бақылады. 

Әркім өзінің үгіт-насихатын жее стратегиясы арқылы жүргізуге мүмкіндік алды. Өңірдегі үгіт-науқандар да тартысты өтті. Праймериз қатысушылары онлайн форматқа басымдық берді. Үгіт-насихат кезеңінде 123 мың 656 шара мен жарияланым жүзеге асырылды. Оның ішінде 62 813 шара 1,4 млн адамды қабылдады. Әлеуметтік желілерде 60 846 жарияланым шықса, республикалық және өңірлік БАҚ-та 4113 материал жарық көрді , - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы