«Үркер» сыйлығы-2019: Үздік интервьюер белгілі болды

28 Маусым 2019, 19:14
1979
Бөлісу:
«Үркер» сыйлығы-2019: Үздік интервьюер белгілі болды
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда өтіп жатқан баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер» ұлттық сыйлығының «Жыл сұxбаты» номинациясының иегері белгілі болды.

«Жыл сұхбаты» аталымына төрт адам ақтық үміткер ретінде тіркелген болатын: 

Бұл аталымда 4 адам финалдық кезеңге өткен болатын.Олар:

Лейла Тастанова - «Время» Аманжол Қорғанбек - «Егемен Қазақстан» 
Дина Имамбаева -«Ана тілі», Жанна Ойшыбаева - «Литер» газеті.

Осылардың арасынан «Литер» газетінің тілшісі Жанна Ойшыбаеваның бағы жанды.
Жеңімпазға сыйлықты "Астана" арнасының директоры Бибігүл Жексенбай табыстады. 
 
Еске сала кетейік, аталған сыйлық баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктері үшін беріледі. Сонымен қатар, сыйлық өңірлердегі мультимедиалық журналистиканы дамытуға ықпал ету, журналистика мәртебесін көтеру, кәсіби стандарттар мен критерийлерді бекіту, қоғамның  азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған.

Ұлттық сыйлықтың негізгі мақсаты - талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестерін тану және шығармашылықтарына қоғамның назарын кеңінен аудару болып табылады.

Өзгелердің жаңалығы