Қырғызстан премьері ІІМ-нің жаңа басшысын таныстырды

11 Қазан 2020, 16:29
1712
Бөлісу:
Қырғызстан премьері ІІМ-нің жаңа басшысын таныстырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан Премьер-министрі Садыр Жапаров Қырғыз Республикасы ішкі істер министрлігінің жеке құрамына Қырғыз Республикасы ішкі істер министрінің міндетін атқарушы болып тағайындалған Ұлан Ниязбековты таныстырды. 

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Премьер-министр Улан Ниязбековтың жеке кәсіби қасиеттері, білімі мен тәжірибесі жаңа лауазымда талап етілетініне сенім білдіріп, оған жұмыста табыс және қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен қарауды тіледі.

Ішкі істер органдарының жұмысы халықтың милицияға деген беделі мен сенімін нығайтуға бағытталуы тиіс. Ішкі істер органдары жеке құрамының үйлесімді жұмысының арқасында ғана алға қойылған мақсаттарға, соның ішінде елдегі қылмыс деңгейін төмендету бойынша мақсаттарға қол жеткізуге болады. Әрбір азамат кез келген қылмысты аша алатын адал және кәсіби милиция қызметкерлері оған көмекке келетініне сенімді болуы тиіс, - деді Садыр Жапаров.

Айта кетейік, Ниязбеков 1975 жылы туған. ІІМ саласында еңбек өтілі бар.

Өзгелердің жаңалығы