Қырғызстан. ІІМ басшысының бірінші орынбасары жараланған қызметкерлермен кездесті

11 Қазан 2020, 14:07
1626
Бөлісу:
Қырғызстан. ІІМ басшысының бірінші орынбасары жараланған қызметкерлермен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Суйун Омурзаков ведомстволық госпитальға келіп, 4-5 қазанда болған тәртіпсіздіктер барысында жараланған қызметкерлермен кездесті. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Кабар» агенттігі хабарлады.

Ол науқастардың қазіргі денсаулық жағдайы, пациенттердің қажеттіліктері туралы білген.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары емделіп жатқан милиционерлермен сөйлесіп, ІІМ басшылығы тезірек сауығып, қатарға оралуы үшін қажетті көмек көрсететінін айтты.

Өзгелердің жаңалығы