Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

19 Қазан 2022, 12:28
960
Бөлісу:
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Фото: автордан

Бүгін Астана қаласында «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен сараптамалық алаңның отырысы болып өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес елімізде 100 мыңнан астам жоғары білікті IT мамандарды дайындау мақсатында қарқынды жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Биылғы жылы алғаш рет 500 түлекті түлеттік. Сондықтан бүгінгі өткізіліп отырған сараптамалық алаңның да маңызы зор, – деді Astana IT University ректоры Дархан Жұмақанұлы.

Сондай-ақ Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева бірлестіктің IT мамандарына мұқтаж екендігін айтты.

Цифрландыру бүгінде біздің өмірімізді жеңіл етуде. Сондықтан IT мамандары елімізге ауадай қажет. Қазақстанның Азаматтық Альянсы заңды тұлғалар бірлестігі еліміздегі 500-ден астам үкіметтік емес ұйымды біріктіретін ең ірі республикалық үкіметтік ұйым. Сондай- ақ Қазақстанның 20 өңірінде  өкілдері бар. Бүгін екіжақты келісім жасай отырып, алдағы уақытта университетпен тығыз қарым-қатынаста боламыз, – деді Бану Ғаниқызы.

Іс-шара аясында Қазақстанның Азаматтық Альянсы мен Astana it University арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Өзгелердің жаңалығы