Қылмысынан тыйылмағаны үшін қамалды

4 Наурыз 2020, 19:01
1384
Бөлісу:
Қылмысынан тыйылмағаны үшін қамалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азамат заңды бірнеше рет бұзғаны үшін түзеу тағы да мекемесіне жіберілді.

2011 жылдың қазан айында қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен "А" есімді елорда тұрғыны аса ірі көлемде есірткі затын заңсыз сақтағаны үшін жазасын ерекше режимдегі колонияда өтеуге 11 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Түзету мекемесінен мерзімінен бұрын босатылғаннан кейін "А" есімді азамат, әкімшілік құқық бұзушылықтар жасап (қоғамдық орында мас күйінде келу, жалпы пайдалану орнын ластау, қоғамдық тәртіпті бұзу), мерзімінен бұрын босату шарттарын бұзып қана қоймай, оған қатысты сот жүктеген міндеттер мен шектеулерді орындамаған.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД "Сарыарқа" ауданы ПБ-ның учаскелік полиция инспекторы "А" есімді азаматқа құқық бұзушылыққа жол бермеу және шартты түрде мерзімінен бұрын босату шектеулерінің сақтауы туралы профилактикалық әңгімелер жүргізген. Алайда, ол түзету жолына түскен жоқ, профилактикалық әңгімелесуден тиісті қорытынды жасамай, қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасап, оған соттың жүктеген міндеттерін орындамаған.

"А" есімді азаматтың мерзімінен бұрын шартты түрде босату кезінде жүктелген міндеттер мен шектеулерді орындаудан қасақана жалтару мен жіберілген құқық бұзушылықтардың сипатын ескере отырып, Нұр-Сұлтан қ.  Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының Қаулысымен  "А" азаматын мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы сот қаулысының күшін жою туралы ұсыныс шығарылды.
Өзгелердің жаңалығы