Қылмыстық қудалау органдарында заңсыз отырған 21 адам босатылды

18 Қазан 2019, 13:51
5488
Бөлісу:
Қылмыстық қудалау органдарында заңсыз отырған 21 адам босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының прокуратурасы өткен 9 айды қорытындылаған жиында қадағалау органымен атқарылған бірқатар оңды жұмыс нәтижелеріне тоқталды, деп хабарлайды қалалық прокуратурның баспасөз қызметі.

Қала прокуроры Мақсат Қожабаевтың айтуынша 31 119 азаматтың конституциялық құқықтары, жүргізілген 41 тексеру және 117 талдау нәтижесінде 580 мың адамның құқықтары қорғалып, 600-ге жуық адам жауапкершілікке тартылған. 

«Мүмкіндігі шектеулі балаларды үйден оқытқаны үшін 4428 мұғалімнің жалақысына қосымша 62 млн теңге өндірілді. Прокурорлық актілер негізінде 227 мың тұтынушының құқықтары қорғалып, 211 мың шарттан артық талаптар алынып тасталса, су тарифі (82,20-дан 73,65 теңгеге) және газ тарифі біршама (3587,67-ден 3497,91 теңгеге) төмендеді. 2 монополисттің іс жүзінде кетпеген шығындарды тарифке қосу деректері прокуратураның АЕК-не тіркеліп, бүгінгі таңда қылмыстық істер тергелуде», - деді Мақсат Қожабаев. 

Сонымен қатар, әрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бағытындағы тексеру нәтижесінде анықталған 91 млн астам теңгеге дәрілік заттарды ұрлау және оларды жасырын қоймада жинақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып, тергелуде. 

Жол қауіпсіздігінің сақталуына жүргізілген тексеру нәтижесінде 6 000 астам заңдылықты бұзушылық деректері анықталып, 16-ы АЕК-не тіркелген. 

«Прокурорлар қылмыстық қудалау органдарының қызметтік бөлмелерінде заңсыз ұсталып отырған 21 адамды босатып, соңғылардың бостандық құқықтарын қалпына келтірді. Полиция органдары 400 компьютермен қамтамасыз етілудін нәтижесінде, тергелетін электрондық қылмыстық істердің саны 8 есеге дейін артты (380/3082).    50 азаматқа қатысты шығарылған үкімдер прокурордың аппеляциялық өтінішхатынан соң заңнамаға сәйкестендірілді», деді қала прокуроры. 

Мәжілісті қорытындылай келе, қала прокуроры қылмыстық қудалау орбитасындағы барлық қатысушылардың құқықтарын қорғау, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және цифрландыру саясатын одан әрі жаңғыртуға бағытталған шараларды күшейту қажеттігін тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы