Нұр-Сұлтанда көппәтерлі тұрғын үйлер дезинфекцияланып жатыр

18 Наурыз 2020, 13:15
1538
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда көппәтерлі тұрғын үйлер дезинфекцияланып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгіновтың тапсырмасына сәйкес көппәтерлі тұрғын үйлердің кіреберістері мен жалпыға ортақ пайдалану орындары дезинфекцияланып жатыр. 

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында күн сайын кіреберістер, есіктер, лифтілер, сүйеніштер, терезе жақтаулары және т. б. дезинфекцияланады. 

Қала әкімі Алтай Көлгінов тұрғындардың ретсіз үйден шықпау керек екендігін, сондай-ақ тұрғындар барлық қауіпсіздік шараларын ұстануы тиіс екендігін айтты, "бірлік таныту керек, жұмыла ғана бұл кезеңнен өте аламыз". 

Қаланың әлеуметтік нысандарында, әуежайда, вокзалдарда, базарларда, сауда үйлерінде, сауда ойын-сауық және адамдар көп жиналатын жерлерде санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтілді. 

Сонымен қатар, автобустар мен коммуналдық қызметтердің машиналары да дезинфекциядан өтеді. Елордада коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша шаралар қабылданды: жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Коронавирустық инфекция жағдайлары анықталған кездегі іс-қимыл алгоритмі әзірленді.



Өзгелердің жаңалығы