Үйіне газ қосқысы келетін Алматы тұрғындарына пайызсыз несие беріледі

6 Тамыз 2020, 16:35
1509
Бөлісу:
Үйіне газ қосқысы келетін Алматы тұрғындарына пайызсыз несие беріледі

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев онлайн брифинг барысында қалаладағы үйлерді газдандыру жұмысы қалай жүріп жатқанын баяндады.

Оның айтуынша, қалада көптеген адам жағдайының төмендігіне байланысты табиғи газды қоса алмай отыр және әлі күнге дейін көмірді пайдаланып келеді. Осыған байланысты әкімдік екінші деңгейлі банктермен бірігіп жұмыс атқаруда. Қазіргі таңда бұл бағыт бойынша Halyk Bank көмек көрсетуге ниет білідірген.
Алматыда 150 мыңнан астам жер үй бар. Оның ішінде 2 300 үй әлі табиғи газға қосылмаған. Бұл жерде  90% тұрғындардың жағдайы жоқтығына байланысты болып отыр. Осыны ескере отырып қазір Halyk Bank-пен жұмыс істеп жатырмыз. Бұған дейін қалада 210 жағдайы төмен отбасылардың үйі газға қосыла алмай отырған еді, олардың біразына демеушілер, депутаттар көмектесіп  газ тартылған болатын. Солардан 62 үй әлі күнге дейін қосылмай келген, енді Halyk Bank тарапынан оларға биыл тегін газ тартылмақ. Яғни жобалау, қосу жұмыстарының бәрін банк өз мойнына алады, - дейді Ә.Масабаев.

Одан бөлек 2 300 үй бойынша Halyk Bank бөлімдерінде пайызсыз, кепілсіз несие берілмек. Әр отбасыға 309 мың теңгеге дейін беріледі. Бұған дейін газды "ҚазТрансГаз" мекемесі қосып келген, енді банк олармен бірігіп осы жылдың соңына дейін бұл үйлерге газ тартып бермек. 

Halyk Bank Алматы облыстық филиалының директоры Тасбике Кудикова банк қаланың ауа кеңістігін тазартуға өз үлестерін қосқысы келетінін айтады.
Біз Алматы әкімдігімен бірлесе отырып қаладағы үйлерді газдандыруды қолға алдық. Жұмыстар екі бағытта жүреді. Біріншісі, жағдайы төмен отбасыларға газды тегін тарту. Яғни 92 үйге газ тегін кіргізіледі, оған 60 млн теңгедей бөлінеді. Екінші бағыт бойынша тұрғындарға пайызсыз әрі кепілдіксіз несие ұсынылады. Несиенің мерзімі 18 ай және ең жоғарғы мөлшері 309 мың теңге. Яғни 2 300 үйді газдандыру үшін  500 млн теңге бөлініп отыр, - дейді  Т.Кудикова.

Өзгелердің жаңалығы