Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ішіндегі Бейне тарих құжырасына шеберлер дайындаған оюлы ағаш орындықтар қойылды, деп хабарлады "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің құжыра бөлмесінде "Қазақфильм" және "Оңтүстікфильм" киностудиялары түсірген деректі және анимациялық фильмдер зияратшылар мен туристерге тұрақты түрде көрсетіліп келеді."Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне келген әрбір келуші жәдігерлермен қатар тарихи фильмдерді де көре алады.2016 жылдан бастау алған бастама аясында Түркістанға қатысты деректі фильмдер тамашаланса, 2018-2019 жылдары "Алмас қылыш", "Көшпенділер", "Жаужүрек 1000 бала" көркем фильмдері мен "Күлтегін", "Мұзбалақ", "Көне құмыраның сыры", "Қажымұқан", "Қазақ Елі", "Отырарды қорғау", "Түркістан", "Оқсыз" анимациялық фильмдері ұсынылады", - делінген таратылған ақпаратта.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Цифрлы Қазақстан» жобасы негізінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген қазақтың хан-сұлтандары мен би-абыздары, батырлары мен игі жақсылары тізімі цифрлы форматта үш тілде әзірленсе, кесене ішінде 2 ақпаратты киоскі, шағын кинозал, 3D тур қызмет көрсетуде. Сондай-ақ, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің жаңартылған ресми сайтының мобильді қосымшасы да іске қосылған.