Яна Хан: Біздің команда Олимпиадада бірден көзге түседі
24 Қаңтар, 16:21 673

Яна Хан: Біздің команда Олимпиадада бірден көзге түседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шорт-тректен Қазақстан командасының мүшесі Яна Хан құраманың олимпиадалық формасына қатысты өз пікірін айтты Бұл туралы  Olympic.kz жазды.

Жақында олимпиадалық формамызды алып, бірден ашып, киіп көрдік. Біздің шеруге арналған киіміміз қатты ұнады. Өте сапалы әрі әдемі. Аязда да киіп жүруге болатындай тігілген. Сырт киімнің әдемі болғанын қатты қалап едік. Ыңғайлы болғаны да жақсы. Өйткені, біз көп қозғаламыз, -деді спортшы.

Яна Хан дизайнерлердің барлық тілегімізді қаперге алғаны қуантынын айтты.

Егер күн жылып кетсе, күртеше бар. Сондай-ақ, форманың түсі де ерекше ұнады. Жарқын әрі әдемі түс. Ашылу салтанатында біздің команда бірден көзге түсетін шығар. Әдемі киіммен өзіңді сенімдірек ұстайсыз. Маған барлығы дәл шақ келді, қуаныштымын, - дейді Яна Хан.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...