Ядролық текетірес: Иран Израильге атомдық соққы беретінін айтып сес көрсетті

Егер АҚШ пен Израиль Ирандағы режимді өзгертуге ұмтылатын болса, Тегеран Димонадағы ядролық реакторды нысанаға алатынын ескертті.

 depositphotos.com Бүгiн 2026, 10:38
Бүгiн 2026, 10:38
303
Фото: depositphotos.com

Иран егер Израиль АҚШ-пен бірлесіп Ислам Республикасындағы билікті құлатуға әрекет жасаса, оның оңтүстігіндегі атом реакторына соққы беретінін айтып, Тель-Авивке сес көрсетті. Бұл туралы ирандық Isna басылымы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Иранның әскери шенеуніктерінің бірі егер АҚШ пен Израиль Ирандағы режимді өзгертуге ұмтылатын болса, Тегеран Димонадағы ядролық реакторды нысанаға алатынын ескертті, - делінген жарияланымда.

Сөз болып отырған ядролық зерттеу орталығы Негев шөлінде, Димона қаласына жақын жерде орналасқан. Ол 1964 жылы ашылған. Орталықтың құрамына табиғи уранмен жұмыс істейтін ауыр сулы реактор (IRR-2) кіреді.

Айта кетейік, сенбі күні АҚШ пен Израиль Иранға қарсы операция бастады. Тель-Авив бұл шараның мақсаты - Тегеранның ядролық қаруға ие болуына жол бермеу екенін мәлімдеді.

Вашингтон болса Иран флотын, қорғаныс өнеркәсібін жойып жіберетінін айтып сес көрсетті және ел азаматтарын режимді құлатуға шақырды.

Иран Қызыл Жарты ай қоғамының мәліметінше, АҚШ пен Израиль шабуылдарының құрбандары кемінде 1000 адамға жеткен. Олардың арасында жоғарғы көшбасшы Әли Хаменеи де бар.

Бұған дейін Ақ үй басшысы Дональд Трамп операция бастапқыда жоспарланған төрт-бес аптадан ұзаққа созылуы мүмкін екенін мойындаған болатын.

Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы Марко Рубио Иранға бұдан да қуатты соққылар берілетінін жариялады.

Наверх