WhatsApp-тағы даулы пікір: экс-шенеунік жазадан құтылды

16 Сәуір 2025, 08:12
399
Бөлісу:
WhatsApp-тағы даулы пікір: экс-шенеунік жазадан құтылды
Фото: istockphoto.com

Ұлыбританияның Қоғамдық денсаулық сақтау министрінің бұрынғы парламенттік орынбасары Эндрю Гвинн WhatsApp-та жазған даулы пікірлері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын болды. Бұл туралы Telegraph газеті жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Гвинн бұрынғы әріптестерімен ортақ чатта 72 жастағы әйелге қатысты орынсыз пікір білдіргеннен кейін қызметінен босатылған болатын. Алайда полиция тергеу нәтижесінде істі жабу туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар, Британ парламентінің мінез-құлық стандарттары жөніндегі комитеті Эндрю Гвиннге қатысты жеке тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу шенеуніктің әрекеті Палатаның беделіне нұқсан келтіруі мүмкін бе деген мәселені қарастырады.

Өзгелердің жаңалығы