Қазақстанның соңғы жаңалықтары

WhatsApp-та пайдалы жаңа функция іске қосылды

24 Қыркүйек 2025, 14:53
827
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

WhatsApp жаңа пайдалы функция – хабарламаларды аудару мүмкіндігін енгізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Компанияның ресми блогында хабарланғандай:

Егер сіз басқа тілдегі хабарламаны көрсеңіз, оны басып ұстап тұрыңыз да, "Аудару" дегенді таңдаңыз. Хабарламаны қай тілге немесе қай тілден аударғыңыз келетінін таңдаңыз және болашақ аудармалар үшін осы тілді жүктеп алыңыз".

Бұл функция жеке чаттарда, топтарда және арналардың жаңартуларында қолжетімді.

Құпиялылық сақталады

Аударма кезінде барлық хабарламалар тікелей сіздің құрылғыңызда өңделеді, WhatsApp оларға қол жеткізе алмайды.

Автоаударуды қосу мүмкіндігі

Android пайдаланушылары чатта автoаударуды қосып, жаңа хабарламалардың бірден таңдалған тілде көрсетілуін қамтамасыз ете алады.

Қолжетімді тілдер

Android: ағылшын, испан, хинди, португал, орыс және араб.

iPhone: 19-дан астам тіл.

"23 қыркүйектен бастап біз хабарламаларды аудару функциясын Android және iPhone пайдаланушыларына біртіндеп енгізуді бастаймыз. Қазіргі уақытта тек бірнеше тіл қолжетімді, бірақ болашақта олардың саны артады, – деп хабарлады компания.

Өзгелердің жаңалығы