Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2020 жылғы 3-5 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Көктем жылы және жауын-шашынсыз күн райынан басталды. Бірақ көктемде тұрақсыз ауа райы болғандықтан, алдағы тәуліктерде, Қазақстанға ығысатын атмосфералық фронттармен, басым бөліктерде жауын-шашын, жаңбыр, жылбысқы қар, көктайғақ және тұман күтіледі. Демалыс күндерінде байқалған жоғары температурадан кейін, алдағы күндері ауа температурасы төмендейді және нормаға жақын болады, - делінген "Қазгидромет" хабарламасында.