Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық керлинг федерациясы (WCF) қыркүйек айында дәстүрлі бас ассамблеясын өткізеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Оқи отырыңыз:
Коронавирус пандемиясына байланысты шара онлайн форматта өтеді.
Жыл сайын ассамблея керлингтен өтетін бүкіләлемдік конгресстің соңғы күнінде өтетін еді. Биыл бүкіләлемдік конгресс 4-6 ақпан аралығында Ресейдің Санкт-Петербург қаласына жоспарланған болатын.
Алайда, Covid-19 індетіне байланысты конгресс өтпейтіндіктен, ассемблея онлайн форматта өтеді. Оған ассациацияға мүше әлемнің 64 елінен өкілдері шақырту алған.