WBO Жәнібек Әлімханұлының қарсыласын жариялады

13 Наурыз 2022, 09:55
1300
Бөлісу:
WBO Жәнібек Әлімханұлының қарсыласын жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзідік бокс ұйымы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен британиялық Дэнни Дигнум арасындағы жекпе-жектің өтуіне рұқсатын берді, деп хабарлады prosports.kz.

Екі тарап жекпе-жекті өткізу бойынша келісімге 10 күнде келуі керек. Егер тараптар келісе алмаса промоутерлік сауда өтеді.

Жәнібек Әлімханұлы мен Дэнни Дигнум орта салмақтағы WBO уақытша чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек өткізуі керек. 

Өзгелердің жаңалығы