Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежесіндегі рейтингтердің жаңартылған нұсқасын ұсынды. Бұл туралы Sports.kz жазды.
Бірінші ауыр салмақта Бейбіт Шүменов «тұрақты» WBA әлем чемпионы атағын сақтап қалды. «Супер чемпион» атағы француз Арсен Гуламирянға тиесілі, ал рейтингтің бірінші жолында бельгиялық Рияд Мерхи орналасқан.
Екінші орта дивизионда WBA International чемпионы Айдос Ербосынұлы екінші орында қалды. Бірінші орын - кубалық Давид Моррелл, үшінші орында - америкалық боксшы Дэвид Бенавидес. WBA Super чемпиондық белбеуіне мексикалық Сауль «Канело» Альварес ие.
Жәнібек Әлімханұлы өз позициясын өзгертпеді және орташа салмақ дәрежелері кестесінде 15-ші орынға тұрақтады. Үздік үштікті британдық кіші Крис Юбэнк, ресейлік Магомед Мадиев және АҚШ өкілі Карлос Монро құрайды. Қазіргі уақытта осы санаттағы жалғыз әлем чемпионы Жапониядан келген WBA Regular титулының иегері - Риота Мурата.
Бірінші жартылай орта салмақ дәрежесіндегі WBA Continental Americas чемпионы Батыр Джукембаев рейтингте 13-орында тұр. WBA Super титулын британдық Джош Тейлор сақтап тұр, үздік үштікте доминикандық Альберто Пуэлло, Ұлыбританиядан келген Льюис Ритсон және кубалық жекпе-жек Рэнсес Бартелеми бар.