Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн брифинг барысында айтты.
Бүгінгі күні қазақстандықтар мен журналистердің қоршаған ортаны қорғауға белсенді араласып жатқаны қуантады. Бұл жағдайды біз әлеуметтік желі мен БАҚ-та кейбір санасыз азаматтардың мәдениетіне қатысты наразалықтардың айтылып жатқанын байқаймыз. Қазақстандықтар мен БАҚ өкілдеріне осындай белсенді азаматтық ұстанымы үшін министрліктің атынан алғысымды білдіргім келеді. ҚР Президенті Тоқаев та экологиялық проблемаларға ерекше назар аударатынын білеміз. Жақында ол бізге екі маңызды тапсырма берді, - деді Мырзағалиев.
Министр атағандай, Президент "waste to energy" технологиясын енгізу үшін заңнамалық базаны және қолайлы инвестициялық жағдайларды жедел қамтамасыз етуді тапсырған.
Мемлекет басшысының "waste to energy" технологиясын заңнамалық енгізуге қатысты министрлік бірқатар жұмыс атқарды. Біздің еліміз бойынша қалдықтарды қайта өңдеу үлесі өте төмен. Барлығы 15 пайыз. Ал Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш екі есе көп, орташа есеппен 30 пайызды құрайды. Біз 2030 жылға қарай 40 пайызға жеткізуіміз керек, - деді ол.
Министр атап өткендей, Қазақстанда қоқыс шығару тарифтері төмен.
Сондықтан бұл саланың инвестициялық тартымдылығы өте төмен. "Waste to energy" технологиясы инвесторларды қызықтыра алады. Келесі жылы зауыт құрылысына инвесторлар арасында алғашқы аукционды өткізуді жоспарлап отырмыз. Электр энергиясының ең аз құнын кім ұсынса, сол аукционның жеңімпазы болып саналады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тиісті заң жобасы әзірленді. Мәжіліс оны мақұлдады. Күзде Парламент Сенатында қаралады, - деді ол.
Айта кетейік, Президент кеңейтілген Үкімет отырысында экологиялық проблемаларға ерекше назар аударған еді.