Исламабадта жоспарланған кездесулерде америкалық келіссөз жүргізушілер Ираннан қамауда отырған АҚШ азаматтарын босатуды талап етуге ниетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Washington Post басылымына сілтеме жасап.
Дереккөздердің айтуынша, әзірге АҚШ өкілдерінің бұл мәселеде қаншалықты қатаң қысым жасайтыны белгісіз. Сонымен қатар кейбір шенеуніктер келіссөздер күрделеніп кеткен жағдайда бұл талап кейінге шегерілуі мүмкін екенін де жоққа шығармайды.
Материалда қолда бар мәліметке сәйкес, қазір Иранда АҚШ-тың 6 азаматы қамауда отырғаны да көрсетілген.
АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс бастаған делегация бір күн бұрын Исламабадқа аттанған. Иран делегациясы да сол күннің кешінде Пәкістан астанасына жеткен.