Волонтерлікті дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған Жол картасы қабылданды

13 Қаңтар 2024, 00:28
784
Бөлісу:
Волонтерлікті дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған Жол картасы қабылданды
Фото: baq.kz

Былтыр волонтерлікті дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру жұмыстары аяқталды, нәтижесінде волонтерлік ұйымдардың саны 3 есеге артты. BAQ.KZ бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Волонтерлік инфрақұрылымды дамыту бағытында республикалық және 20 өңірлік фронт-офис жұмыс істейді. Сондай-ақ Qazvolunteer.kz онлайн платформасы іске қосылып, онда 60 мыңнан аса белсенді волонтер тіркелген.

150-ден астам волонтерлік жоба және 700-ден аса волонтерлік бастама іске асты. Азаматтарды волонтерлік қызметке қатысуға ынталандыруға бағытталған "Волонтерлік қызмет туралы" Заңға түзетулер енгізілді.

Сонымен қатар Үкімет волонтерлікті одан әрі дамыту үшін 2024-2026 жылдарға арналған волонтерлікті дамыту мен қолдаудың Жол картасын бекітті. Оны әзірлеуге еліміздің 20 өңірінен 500-ден аса адам қатысты.

Аталған бастаманың шеңберінде волонтерлікті дамыту мен қолдаудың Жол картасы үшін 200-ден астам ұсыныс түсті. Негізгі назар салалық волонтерлікті дамытуға бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы