Волонтер студенттердің пән кредиті жабылып, қосымша стипендия алады – Тоқаев

12 Ақпан 2020, 12:29
3255
Бөлісу:
Волонтер студенттердің пән кредиті жабылып, қосымша стипендия алады – Тоқаев
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Енді еліміздегі волонтерлықпен айналысатын студенттердің жеңілдігі көбейеді. Олардың қызметі, тіпті, еңбек өтілі болып саналады. 

TEMA7315-01.jpeg

Еңбегімен ерекшеленген волонтерларға мемлекеттік наградалар да беріледі. 

TEMA7326.JPG

Еріктілерге жан-жақты қолдау көрсету керек. Менің тапсырмам бойынша оларға жеңілдіктер ұсынылады. Мысалы, енді волонтерлық жұмыс еңбек өтілі болып саналады. Сондай-ақ, волонтер студенттерге қосымша стипендия беріледі немесе пән кредиттерін жабуға рұқсат беріледі. Осы салада жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарға да қаржылай көмек беріледі. Осыған орай, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін 400-ден астам шағын грант бөлінеді. Әр гранттың құны 300 мың теңге көлемінде болмақ. Одан бөлек, әкімдерге жергілік бюджеттен қосымша гранттар бөлуді тапсырдым. Еңбегімен ерекшеленген волонтерлар мемлекеттік наградаларға ұсынылады, - деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлардың "Біргеміз" фронт-офисінің ашылуында.

TEMA7329-01-01.jpeg

Ел президенті Үкіметтің волонтерларды қолдау үшін арнайы шаралар ұйымдастыратынын атап өтті.

TEMA7330-01.jpeg

Өзгелердің мүлкін тонап, олардың өміріне қауіп төндірген азаматтар ешқашан халқымыздың патриоты бола алмайды. Ондай адамдар – заңды өрескел бұзған қылмыскерлер. Олар заң алдында жауап беруі тиіс... Сіздер күн сайын ауқымды, маңызды жұмыс атқарып келесіздер. Сол арқылы Қазақстанның өсіп өркендеуіне үлес қосасыздар. Мен еліміздің әрбір өңіріне волонтер болуға ниетті азаматтардың көп екеніне сенімдімін. Үкімет оларға қолдау көрсету үшін нақты шараларды қабылдайды. Біз оған зор мән береміз, - деді Тоқаев.

TEMA7335.JPG

Өзгелердің жаңалығы