Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мьянмада 23 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан командасы топтық сындағы екінші жеңісіне қол жеткізді деп жазады Olympic.kz.
Топтағы үшінші ойында қазақстандықтар Сауд Арабиясымен кездесіп, 3:0 (25-20; 25-23; 25-22) есебімен жеңіске жетті. Қазақстан командасы сапында 13 ұпай жинаған Анас Жұмаділов пе 10 ұпай еншілеен Александр Сүлеймановтар үздік деп танылды."Осылайша, біздің команда В тобында екінші орын алды. Бірінші орында Жапония, үшінші орында Вьетнам, төртінші сатыда Сауд Арабиясы орналасқан. Келесі айналымда қазақстандықтар Жапония, Үндістан және Қытаймен бірге F тобында бақ сынайды", - делінген таратылған ақпаратта.