Волейболдан Азия чемпионаты: Қазақстан Индонезиядан басым түсті

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Корея астанасы Сеулде волейболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда. Топтық кезеңдегі екінші кездесуде Қазақстан Индонезиядан басым түсті, деп жазды&nbsp;Olympic.kz.&nbsp;</h4>

 23 Тамыз 2019 2019, 14:59
23 Тамыз 2019 2019, 14:59
2132

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Корея астанасы Сеулде волейболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда. Топтық кезеңдегі екінші кездесуде Қазақстан Индонезиядан басым түсті, деп жазды Olympic.kz. 

Үш партияға созылған кездесуде қазақстандықтар 3:0 (25:19, 25:15, 23:17) есебімен жеңіске жетті.  Құрлық додасындағы іріктеу кезеңінде Қазақстан F тобына түсті. Біздің команда қатарында Жапония, Қытай және Индонезия бар. 

Топтық кездесуде Қытайға қарсы өткен ойында Қазақстан 0:3 есебімен жеңіліс тапқан болатын. 




Наверх