Волейболдан 20 жасқа дейінгі әйелдер арасындағы XXI Азия чемпионаты аяқталды

13 Шілде 2022, 22:48
2273
Бөлісу:
Волейболдан 20 жасқа дейінгі әйелдер арасындағы XXI Азия чемпионаты аяқталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада  20 жасқа дейінгі әйелдер командалары арасында волейболдан 21-ші Азия чемпионаты аяқталды.

Мачтың  соңында Назарбаев Университетінің Атлетикалық орталығында жастар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау және жеке номинациялар бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

Волейболдан 20 жасқа дейінгі әйелдер арасындағы XXI Азия чемпионаты аяқталды
Волейболдан 20 жасқа дейінгі әйелдер арасындағы XXI Азия чемпионаты аяқталды

Чемпионаттың жеңімпазы Жапония құрамасынан Анна Уемура турнирдің ең үздік ойыншысы болып танылды.  Ол сондай-ақ үздік шабуылшысы атанды.  Сондай-ақ жапондық Каджи Харука мен Амика Токумото сәйкесінше үздік сеттер және үздік либеро атанды.  Турнирдің күміс жүлдесін жеңіп алған Қытай құрамасының ойыншылары Ван Йифан үздік қорғаушы атағын алса, ал Чжан Хунзян үздік тосқауылшы атағын алды.  Қола жүлдегер Таиланд құрамасының сапындағы Туняпу Нантикан үздік тосқауылшы атанды.

Волейболдан 20 жасқа дейінгі әйелдер арасындағы XXI Азия чемпионаты аяқталды
Волейболдан 20 жасқа дейінгі әйелдер арасындағы XXI Азия чемпионаты аяқталды

Байқау нәтижелері:

1 орын – Жапония

2 орын – Қытай

3 орын – Тайланд

4 орын – Оңтүстік Корея

5 орын –  Қытай Тайпей

6 орын – Иран

7-орын – Үндістан

8 орын – Қазақстан

9 орын – Өзбекстан

Турнир жеңіпаздары:

Ең үздік -  Анна Уемура  (Жапония)

Үздік байланыстырушы -  Каджи Харука (Жапония)

Үздік шабуылшы –  Анна Уемура (Жапония), Ван Ифан  (Қытай)

Үздік тосқауылшы–  Чжан Хонзиян (Қытай), Туняпу Нантикан  (Таиланд)

Үздік диагональ –  Ян Юкюнг (Тайланд)

Үздік либеро -  Амика Токумото (Жапония)

Өзгелердің жаңалығы