Вокзалда адамдар тапталып қала жаздады: ҚТЖ жағдайды түсіндірді

15 Қаңтар 2024, 09:45
3935
Бөлісу:
Вокзалда адамдар тапталып қала жаздады: ҚТЖ жағдайды түсіндірді
VIDEO
Фото: Артём Чурсинов - архив

"ҚТЖ" ҰҚ" АҚ Астана-1 вокзалындағы адамдар тапталып қала жаздаған жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

14 қаңтарда, яғни жексенбі күні қолайсыз ауа райы салдарынан автомобиль жолдары жабылды. Осы себептен екі пойыз бір мезгілде келіп, вокзалда жолаушылар ағыны едәуір өскен.

Вокзал бойынша кезекшілер жолаушылар ағынын реттеу жөнінде шаралар қабылдады, алайда жолаушылар тарапынан конкорстық өткелден өту кезектілігі мен қауіпсіздік техникасы сақталмады. Бұл эскалаторда болудың қауіпті жағдайына әкелді. Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін эскалатор дереу тоқтатылды, - делінген ҚТЖ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта вокзал штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Өзгелердің жаңалығы