Бұл туралы туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев алқа мәжілісінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта 82 елмен, соның ішінде Қытай мен Үндістан сияқты ірі туристік нарықтармен визасыз режим бар.
Еліміздің халықаралық ашықтығы шетелдік туристер санының артуына оң әсерін тигізуде. Қазіргі уақытта 82 елмен, соның ішінде Қытай мен Үндістан сияқты ірі туристік нарықтармен визасыз режим бар. Біз бұл елдерден келушілер санының айтарлықтай артқанын көріп отырмыз,– деді Ермек Маржықпаев.
2022 жылдың шілдесінде Қытай азаматтары үшін 14 күндік визасыз режимнің және 2023 жылдың қарашасынан бастап өзара визасыз режимнің енгізілген еді.
Визасыз режимнің арқасында бұл елден келушілер саны 12 есеге 18 мыңнан 217 мыңға дейін өсті. Енгізілгеннен кейін 14 күндік визасыз режимде Үндістаннан келушілер саны үш есеге өскені байқалды. 2022 жылғы 28 мың адамнан 2023 жылы 78 мың адамға дейін жетті, - деді министр.