Жалған визамен келген нигериялықтар ұсталды

31 Желтоқсан 2019, 20:55
4859
Бөлісу:
Жалған визамен келген нигериялықтар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы «Нұрсұлтан Назарбаев» әуежайында шекара наряды Стамбұл-Нұр-Сұлтан бағытындағы халықаралық әуе рейсімен ұшып келген 29 және 49 жастардағы Нигериялық екі азаматты ұстады.

Елімізге келген шетелдік жолаушылардың Мемлекеттік шекарадан өтулеріне құқық беретін құжаттарын тексеру кезінде бұл азаматтар шекарашыларға Қазақстан Республикасының электрондық визасының көшірмелерін ұсынған. Алайда, электронды виза беру туралы мәліметтер базасынан бұл азаматтарға Қазақстандық виза берілгендігі туралы мәлімет расталмады - деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Санаулы минуттардың ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер министрлігінің халықаралық әуежайдағы ресми өкіліне тиісті сауал жолданып, аталған Нигерия азаматтарына электронды визаның берілмегендігі, ұсынылған құжаттардың қолдан жасалғандығы туралы жауап алынды.

Ұсталған нигериялықтар келесі әуе рейсімен өз елдеріне депортацияланатын болады.
Өзгелердің жаңалығы