Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Болашақ" халықаралық стипендиясын үміткерлерге тағайындау нәтижелері бойынша өткен баспасөз конференциясының кулуарында білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари қанша жалақы алатынын айтты.
Еліміздегі барлық вице-министрлердің еңбекақысы стандартты түрде бірдей. "Әділетті" ашып қарасаңыздар, шын мәнінде барлығында тұп-тура бірдей "сетка". Мұны сұраудың да қажеті шамалы. Жүйеге үңіліп қарасаңыздар, ақпараттың ашық екеніне көз жеткізесіз. Жалақының көлемі – 640 мың (теңге – ред), - деп жауап берді білім және ғылым вице-министрі тілшілердің сауалына.Айта кетейік, "Болашақ" халықаралық стипендиялық бағдарламасына 26 жыл болды. Осы жылдардың ішінде 13 870 стипендия тағайындалған. Бүгінге дейін барлығы 10 854 маман даярланды.