Бүгінде қызылша жұқтырғандар саны 3 мыңнан асады. Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі жоспарлы вакцинация алмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы «Елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы» брифинг барысында Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова айтты. Оның сөзінше, сырқаттанғандардың дені - балалар. Олар қызылшаға қарсы жоспарлы екпе алмаған.
Бүлдіршіндердің қызылшамен ауырған науқастар арасындағы үлесі 72% болса, оның 60%-ының ата-аналары вакцинациядан бас тартқан. 20%-ының егуге медициналық қарсы көрсетілімі болған, қалған 20% егу жасына жетпегендіктен алмаған, - деп атап өтті вице-министр.
Осыған дейін Айжан Есмағамбетова тамақ пісіру кезінде шикі еттің дәмін татпаған дұрыс екенін айтты.
Назерке Өтеген